Жаңалықтар

Жаңаөзенде мектеп өртенді

Жаңаөзенде мектеп өртенді
Фото: Видеодан кадр 17.01.2024 15:37 763

Жаңаөзен қаласындағы мектептердің бірінде өрт болды, EL.kz ақпарат агенттігі.

Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға бүгін, 17 қаңтарда сағат 08:15-те Жаңаөзен қаласындағы Абай Құнанбаев атындағы No19 орта мектептің екінші қабатында болған.

Ток сымдарындағы қысқа тұйықталу салдарынан өрт шықты. Өрт одан әрі жанған жоқ. Зардап шеккендер жоқ. Өртті сөндіруге бес техника мен 25 қызметкер жұмылдырылды,- деді облыстық төтенше жағдайлар департаментінен.

Айта кетейік, өртті сөндіру үшін бес техника мен 25 қызметкер жұмылдырылған.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға