Жаңалықтар

Жаңаөзенде 11 адам зардап шекті

Жаңаөзенде 11 адам зардап шекті
Фото: t.me/qr_tjm 17.04.2023 08:44 1075

Жаңаөзенде тұрғын үйде жарылыс болып, 11 адам зардап шекті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі мәлім етті. Оқиға бүгін Астана уақытымен сағат 5:00-дер шамасында болған.

Жаңаөзен қаласындағы екінші шағынауданда екі кіреберістен тұратын 12 пәтерлі 2 қабатты тұрғын үйде газ жарылған. Оқиғаның салдарынан кіреберістің 150 шаршы метрі қираған.
Өрт болған жоқ, (үйдің жалпы ауданы 600 ш.м.). Алдын ала мәлімет бойынша 11 адам зардап шеккен, олар медицина қызметкерлеріне тапсырылды. Болған оқиғаның себеп - салдары анықталуда.

Оқиға орнын аршу жұмыстарына Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің 50-ден астам құтқарушы, 10 техника, жедел медициналық көмек және жергілікті атқарушы органдардың қызметкерлері жұмылдырылды,- делінген хабарламада.

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға