Жанабыловтар ісі: сот шешімді өзгерткен жоқ

 instagram.com/elt6i
Фото: instagram.com/elt6i

Астанада соңғы айларда қоғамда ең көп талқыланған істердің бірі бойынша сот отырысы өтті. Блогер Ерболат Жанабылов пен оның жұбайы Эльмира Төлегенова өз істерін қылмыстық іс ретінде қайта саралауға қатысты сот шешіміне апелляциялық шағым берді, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.

Бұған дейін бірінші сатыдағы сот Жанабыловтарға қатысты әкімшілік істі қылмыстық іске ауыстыру туралы шешім қабылдаған болатын.

Еске сала кетсек, тергеу органдары блогерлердің оқыту курстары мен ұтыс ойындарын ұйымдастыру әрекеттерінен заңбұзушылық белгілерін анықтаған еді.

Қорғау тарапының айтуынша, тергеу барысында бірқатар процессуалдық заң бұзушылық орын алған, ал тергеу қорытындылары нақты деректерге сай келмейді.

Қылмыс құрамының дәлелі де, тікелей заң бұзушылық та жоқ. Біз бұл шешімді заңсыз деп есептейміз, - деді блогердің адвокаттарының бірі.

Ал прокуратура басқа ұстанымда. Мемлекеттік айыптаушының айтуынша, бірінші инстанция сотының шешімі заңды әрі негізді болған. Прокурор апелляциялық соттан шағымды қанағаттандырмауды және істі ҚР Қылмыстық кодексінің жаңа баптары бойынша тергеуді жалғастыруды сұрады.

Сот алқасы алдыңғы шешімді өзгеріссіз қалдыру туралы қаулы шығарды. Осылайша, блогерлердің ісі ресми түрде қылмыстық іс ретінде тергелетін болды. Енді тергеу жаңа кезеңге өтеді және оның құқықтық салдары да өзгеше болмақ.

Оқи отырыңыз