Жаңалықтар

Жаңа жыл түнінде Шахтинскте қылмыс тіркелген жоқ - ІІМ

Жаңа жыл түнінде Шахтинскте қылмыс тіркелген жоқ - ІІМ
Фото: Видеодан алынған кадр 01.01.2024 12:40 551

Шахтинск қаласында Жаңа жыл түні бір де бір құқық бұзушылық тіркелген жоқ. Бұл туралы ҚР ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып El.kz ақпартат агенттігі хабарлайды.

Жаңа жыл түні Қарағанды облысы, Шахтинск қаласында қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге 70  полиция қызметкері кезекшілікке түсіп, қаладағы қоғамдық қауіпсіздікті бұлжытпай қамтамасыз етті. 

Кезекші тәулік ішінде полицейлердің тиісті жұмыстарының арқасында бір де бір құқық бұзушылық тіркелген жоқ. Полицейлердің басым көпшілігі адам көп жиналатын орындарға жұмылдырылды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға