Жаңалықтар

Жаңа жыл қарсаңында азық-түлік бағасы неліктен шарықтап кетеді? Сауда министрі жауап берді

Жаңа жыл қарсаңында азық-түлік бағасы неліктен шарықтап кетеді? Сауда министрі жауап берді
Фото: ©El.kz/Мәди ЫСҚАҚОВ 25.12.2023 12:05 746

Мәжіліс депутаты Ерболат Сатыбалдин сауда және интеграция министрі Арман Шакқалиевтен жыл сайын Жаңа жыл қарсаңында неліктен азық-түлік бағасы шарықтап кететінін және бұл қаншалықты заңды екенін сұрады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Мәжілістегі Үкімет сағатында депутат еліміздің сырттағы импортты тәуелділікті төмендету мәселесі жылда айтылатынына тоқталды.

Сырттағы импортты тәуелділікті төмендетеміз деп айтып жүргенімізге талай жылдар болды. Бірақ соңғы 5 жылда оң динамика жоқ. Әлі күнге дейін қажетті тауарлардың 70 пайызын сырттан импорттайды екенбіз. Ал бұл көрсеткіш әлеуметтік маңызы бар тауарларға келгенде, ол Ұлытау облысында 85 пайызға жеткен. Баға шарықтап барады. Біз сайлаушылармен кездескен сайын міндетті түрде осы сұрақ көтеріледі, - деді Сатыбалдин.

Депутат баға нарығы қалай бақыланатыны жөнінде сұрады.

Баға жаңа жыл қарсаңында – сыйақы алған кезде көтеріледі. Сонымен қатар мерекелерге, ауа райының күрт төмендеуіне, жанар-жағармайдың қымбаттауына, газдың тапшылығына байланысты көтерілген. Біреу түшкіріп, жөтелсе де ауыл шаруашылығы тауарларының бағасры қымбаттай беретін болған. Сіз айтқандай, бұл 4-5 пайызға дейін емес, одан да көп пайызға қымбаттап кеткен. Осы жағдайды көре тұра, біз қалай бағаны басқарып отырмыз деп айтуға болады? Басқарып отырған жағдайдың өзінде де, неліктен жаңағы аталған факторларға тәуелді болып отырмыз? Ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіретін шаруалардың жағдайын жасау үшін қандай жұмыстармен айналысып жатырсыздар? - деді мәжілісмен.

Министр Арман Шакқалиев маусымаралық кезеңде баға өсуі заңдылық екенін айтты.

Сонымен қатар дүрліктіруді болдырмас үшін, тапшылыққа жол бермеу үшін азық-түлікті сақтау қоймалары болуы керек. Бізде әр кезде өзіміздің тауар болуы қажет. Айта кетейік ондай жағдай (ажиотажды жағдай – ред.) қантқа сұраныс артқанда болған. Тапшылық болмауы үшін Ауыл шаруашылығы министрлігінде жол картасы бар. Ал біз бағаның үстемдігіне қараймыз. Делдалдарды жою шаралары да қарастырылды, - деп түсіндірді министр.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға