Жаңалықтар

Жаңа заң: қырғыз тілін білмейтін шенеуніктер енді жұмыстан қуыла ма?

Жаңа заң: қырғыз тілін білмейтін шенеуніктер енді жұмыстан қуыла ма?
Фото: Pixabay.com 24.04.2023 15:07 1317

Қырғызстан Парламенті отырысында депутаттар «Қырғыз Республикасының мемлекеттік тілі туралы» заңды қабылдады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.  

Мемлекеттік тіл туралы заң жобасына сәйкес, шенеуніктердің қырғыз тілін білуі орта деңгейден кем болмауы қажет.  

Депутат Дастан Бекешев «Заң күшіне енген соң мемлекеттік тілді меңгермеген шенеуніктерді қандай жазады күтеді? Олар жұмыстан қуыла ма?» деген сауал қойды.

Бұған Мемлекеттік тіл жөніндегі ұлттық комиссия басшысы Каныбек Осмоналиев былай деп жауап қатты:

Заң жобасының 5-бабына сәйкес, мемлекеттік және муниципальді қызметкерлер қырғыз тілін білуі керек. Бұл жерде орыстілділердің құқығын бұзатын норма жоқ. 10-бап бойынша құжаттар мемлекеттік тілде жүргізілуі қажет, дегенмен қажет кезде өзге тілдерді де қолдану қарастырылған, – деді Каныбек Осмоналиев.

Мемлекеттік тілді білуі тиіс тұлғалар анықталған. Олар: мемлекеттік және муниципальді қызметкерлер, депутаттар, әскери қызметшілер, судьялар, білім беру мекемелерінің қызметкерлері, денсаулық сақтау мекемелерінің қызметкерлері, педагогтер мен ғылыми қызметкерлер және т.б.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға