Жаңалықтар

Жаңа толқын ескі құрамның кемшіліктерін қайталамауы тиіс – сарапшы

Жаңа толқын ескі құрамның кемшіліктерін қайталамауы тиіс – сарапшы
Фото: zhaikuni.kz 14.01.2023 14:33 1589
Парламент Сенатындағы 20 орынға 55 кандидат үміткер болып отыр. Республика бойынша таңдаушылар тізіміне 3167 мәслихат депутаты енгізілген. Кейбір өңірлерде дауыс жинап жеңіске жеткендер бар, деп  хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Мәселен Жамбыл облысынан екі кандидат қатысты. Бұл туралы «Жаңару жалпыұлттық сыбайлас жемқорлыққа қарсы қозғалысы» РҚБ Жамбыл облыстық филиалының төрағасы Қасымхан Төлендиев айтып берді.

«Еліміз бойынша Парламент Сенатының депутаттығына 55 үміткер қатысады екен. Оларға дауыс беру сайлауына 3167 мәслихат депутаттары қатысады деп күтілуде. Сенаттың депутаттығына Алматыдан 4 кандидат, басқа өңірлерден 2- 3 адамнан қатысады екен. Біздің Жамбыл облысынан екі үміткер қатысуда. Екеуі де жас, сенатор болуға өте лайықты азаматтар», - дейді.

Жамбыл облысынан Сәкен Арубаев және Сұлтан Өсербаев сынды екі кандидат Сенаттан үмітті. 

«Сенат депутаттығына біздің облыстан Сәкен Арубаев және Сұлтан Өсербаев қатысып жатыр. Қазір ғана дауыс беру нәтижесі шықты. Шу ауданы әкімі болған Сәкен Арубаев 89 дауыспен жеңіске жетті», - деді ол.

Сарапшы жаңа толқын ескі құрамның кемшіліктерін қайталамайтын шығар деген ойда.

«Себебі, жас көшбасшылар, бастамашыл, турашыл адамдар келеді деп отырмын. Әділетті Қазақстан орнату үшін жас, жемқорлықтан таза, жаңашыл, әділетті тұлғалар сайланады деген үміттемін», - дейді Қасымхан Төлендиев.
 
Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға