Жаңалықтар

Жаңа министрліктер құрылды: бюджет шығыны қаншаға артады

Жаңа министрліктер құрылды: бюджет шығыны қаншаға артады
Фото: t.me/KZgovernment 06.09.2023 11:57 417

Жаңа министрліктердің пайда болуымен бюджет шығыны қаншаға артады? Бұл сұраққа Мәжіліс кулуарында премьер-министрдің орынбасары – қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев жауап берді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Қазір біз толығымен есептеулер жүргізген жоқпыз. Өздеріңізге белгілі, бүгін ғана Үкіметтің жаңартылған құрамының бірінші отырысы болды. Онда жолдауды орындауға тапсырмалар толығымен талқыланды. Жаңа министрліктерді бір айдың ішінде бөлеміз. Ол да біраз процедура. Сосын қосымша шығындардың бәрін есептейміз, - деді ол.

Ерұлан Жамаубаевтың сөзінше, 2024-2026 жылдарға арналған республикалық бюджет жобасы Мәжілістің қарауына енгізілген. 11 қыркүйекте оның тұсаукесері болатындығын атап өтті министр.

Егер де қандай да қосымша қаражат болса, құжат Мәжіліс немесе Сенаттың қарауына барған кезде, қосымша шығындарды қарастырамыз. Жаңа министрліктер деген аты болмаса, ол ескі министрліктерден бөлініп шыққан. Сондықтан да біздің ұстанымымыз – бар қаражат көлемінде сол министрліктерді бөлу, - деді қаржы министрі тілшілердің сауалына берген жауабында.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға