Жаңалықтар

Жаңа мектептерде тәрбие мен кәсіби бағдар қатар жүреді

21.05.2025 15:31 371
Жаңа мектептерде тәрбие мен кәсіби бағдар қатар жүреді

Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы сапалы біліммен шектеліп қана қоймай, тәрбие жұмыстарын жүргізу арқылы ел болашағын қалыптастыратынын айтты, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Жаңа үлгідегі мектептерде жүргізілетін тәрбиелік жұмыс жауапкершілігі жоғары, адал, бастамашыл, қоғам игілігі үшін қызмет етуге дайын азаматты – «Адал Азаматты» қалыптастыруды көздейді. Балалар кішкентай кезінен бастап еңбекке құрметпен қарау, әлеуметтік әділеттілік, адалдық пен жауапкершілік секілді құндылықтарды бойына сіңіреді. Бұл қасиеттер – Қазақстанның табысты дамуының негізі, – деді министр.

Сонымен қатар жобада кәсіптік бағдар беруге ерекше назар аударылған. Бастауыш сыныптардан бастап оқушылар түрлі мамандықтармен танысып, жобалық апталарға қатысады. Ал 7-сыныптан бастап тереңдетілген кәсіби бағдар беру жұмыстары басталады. Әр оқушы өзіне қызықты саладағы нақты маманмен жұптасып, тәлімгерлік жүйе бойынша жұмыс істейді. Олар бірлесіп жеке оқу жоспарын құрады, бейінді курстарға қатысады, шеберлік сабақтардан өтіп, түрлі кәсіптерді тәжірибе жүзінде байқап көреді.

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға