Жаңалықтар

Жаңа мектептер ең көп салынатын Қазақстанның аймақтары анықталды

Жаңа мектептер ең көп салынатын Қазақстанның аймақтары анықталды
Фото: kazlenta.kz 10.02.2023 14:43 1310

Жаңа мектептер ең көп салынатын Қазақстанның аймақтары анықталды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі. Бұл туралы «Samruk-Kazyna Construction» АҚ басқарма төрағасы Мәулен Айманбетов қордың қоғамдық кеңесінің отырысында мәлімдеді.

 «Жайлы мектеп» ұлттық жобасының бірыңғай операторы Samruk-Kazyna Construction Қазақстан Республикасының аймақтарында жаңа мектептер салудың егжей-тегжей жоспарын дайындады.

Жоба бойынша 2025 жылға қарай Қазақстан Республикасының барлық аймағында 401 жаңа мектеп салуды жоспарлап отыр.

Жаңа мектептер ең алдымен мектеп тапшылығы бар аймақтарда салынады. Бекітілген жоспарға сәйкес, мектептердің көпшілігі Алматы облысында (63), Түркістан облысында (63), Шымкентте (25), Маңғыстау облысында (24), Астана (24) мен Алматыда (22) салынады. Қалған мектептер шағын қалаларды қоса алғанда, бүкіл Қазақстан бойынша теңдей бөлінеді.

Мектептер құрылысының нақты мерзімі мен оқушы орны саны белгіленді. Мәселен, Алматы облысында 63 жаңа мектепте 136 мыңға жуық бала оқи алады. Елордадағы 25 жаңа мектеп 88 мың оқушыны қабылдай алады.

Осыған дейін Қазақстанда 842 мың балаға арналған 401 жаңа мектеп салынатындығын хабарлаған болатынбыз.

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға