Жаңалықтар

Жаңа Энергетика министрі қазақ тілін 6 айда үйренуге уәде етті

Жаңа Энергетика министрі қазақ тілін 6 айда үйренуге уәде етті
Фото: ҚР Премьер-министрінің баспасөз қызметі 11.04.2023 12:03 744

Үкімет отырысынан кейін кулуарда жаңадан тағайындалған Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев тілшілерге мемлекеттік тілді қанша уақытта үйренетінін айтты, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Тілшілер "сұрақтарға мемлекеттік тілде қашан жауап бересіз?" деп сұрады. 

Әрине, мен ана тілімді білемін. Бірақ маған тілдік деңгейді көтеру керекСондықтан жарты жыл беріңіздер. Барлық сұрағыңызға қазақша жауап беремін, - деді министр.

Айта кетейік, бұған дейін Алмасадам Сатқалиев депутаттардың сауалына қазақ тілінде жауап бере алмай сынға ұшыраған.  Депутат Бақытжан Базарбек мемлекеттік тілде сөйлеуі керектігі жөнінде ескертпе айтты.

Алмасадам Сәтқалиев 1970 жылы дүниеге келген. 2021 жылдың 29 наурызынан 2023 жылдың 4 сәуіріне дейін "Самұрық-Қазына" ұлттық әлеуметтік қорының басқарма төрағасы болды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға