Жаңалықтар

Жәмила Бақбергенова әйелдер арасында Азияның үздік балуаны атанды

Жәмила Бақбергенова әйелдер арасында Азияның үздік балуаны атанды
Фото: ww.instagram.com/uww.asia 27.12.2022 18:44 873

Азия бірлескен күрес әлемі (UWW Asia) 2022 жылдың үздік балуандарын анықтады, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Қазақстандық Жәмила Бақбергенова Әйелдер күресі аталымы бойынша Азияның үздік балуаны атанды.

Азия чемпионы, әлем біріншілігінің екі дүркін күміс жүлдегері Ж.Бақбергенова сондай-ақ жуырда Қазақстан бойынша «Жылдың үздік спортшысы» атанған еді.

«Спортты дамыту дирекциясы» РМҚК-дан мәлім еткеніндей, қырғызстандық Ақжол Махмұдов грек-рим күресінен үздік шықты. Ал жапониялық Таиси Нарикуни еркін күрестен үздік деп танылды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға