Жаңалықтар

Жамбылдағы жол апаты: Бір адам қайтыс болып, мектеп түлегі мен екі жолаушы ауруханаға жеткізілді

Жамбылдағы жол апаты: Бір адам қайтыс болып, мектеп түлегі мен екі жолаушы ауруханаға жеткізілді
Фото: facebook/Жуалы ауданы әкімдігі 26.05.2024 10:00 1464
Жамбыл облысында жол апатынан бір адам қаза тапты. Көлік ішінде болған үш жолаушы ауруханаға жеткізілді. Оның бірі - мектеп түлегі, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Оқиға кеше 25 мамырда Жуалы ауданында болған.
Жаңаталап ауылынан Ақтоған ауылына қарай бара жатқан “Тойота Камри" маркалы автокөлігінің 21 жастағы жүргізушісі рөлге ие бола алмай, көлік жол жиегіне аударылып кеткен.
Жол-көлік оқиғасынан 21 жастағы азаматша оқиға орнында қаза тапты. Оның 20, 17 жастағы жолаушылары мен 11-сыныпты бітіруші түлек ауруханаға жеткізілген. Жағдайлары тұрақты, бақылауда",-деді Жуалы ауданы әкімдігі.
Аталған дерек бойынша қылмыстық іс тіркелді. Қажетті сараптамалар тағайындалды. 
 
 
Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға