Жаңалықтар

Жамбылдағы ветеринариялық мекемелерге жаңа қызметтік көліктер берілді

Жамбылдағы ветеринариялық мекемелерге жаңа қызметтік көліктер берілді
Фото: Жамбыл облысының әкімдігі 04.10.2023 22:22 511

Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев өңірдегі ветеринариялық ұйымдарға автокөлік табыстау рәсіміне қатысты, деп хабарлайды  El.kz ақпарат агенттігі.

Іс-шарада тиісті мекемелерге облыстық бюджет есебінен арнайы жабдықталған 10 УАЗ көлігі берілді.

Аймақ басшысы мұндай шаралар ветеринария саласының жұмысын жандандыруға оң ықпал ететінін атап өтті.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев  2021 жылғы Қазақстан халқына Жолдауында ветеринария саласын реформалауға, орталық пен өңірлердің нақты міндеттерін айқындауға, ветеринария жүйесін цифрландыруға, мамандарды даярлауға, жалақыны арттыруға қатысты маңызды міндеттер жүктеген болатын.

Президент тапсырмасын орындау, қордаланған мәселелерді шешу бойынша түрлі шаралар қабылданып, жұмыстар атқарылуда.

Қазіргі таңда облыстың ветеринариялық ұйымдарын орталықтандыру бойынша жұмыстар жүргізілуде. Аудандардағы ветеринариялық станциялары тек өздеріне тән функцияларды ғана атқаратын болады. Қосымша қаржылық-шаруашылық жүргізу жұмыстарын облыстық деңгейде құрылатын кәсіпорын орындайды. Үнемделген қаражат есебінен ауылдық жердегі мал дәрігерлерінің жалақылары шамамен екі есеге дейін артады деп көзделуде.

Ауылдардағы ветеринариялық қызмет көрсететін мал дәрігерлерінің жұмыс жағдайын және ветеринариялық станциялардың материалдық-техникалық базасын жақсартуға көңіл бөлінуде. Осы бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын табады, - деді Ербол Қарашөкеев. ұстайтындығын атап өтті.

Сондай-ақ аймақ басшысы табысталған жаңа қызметтік көліктер кәсіпорындардың өздеріне жүктелген кәсіби міндеттерін орындауды біршама жеңілдететіне сенім білдірді.

Бұдан соң облыс әкімі Жамбыл ауданындағы үй жануарларын уақытша ұстау пунктінің (питомник) ғимаратының жай-күйін көріп, жұмысымен танысты.

Аймақ басшысы нысандағы жануарлардың тамақтану және күтіміне жіті көңіл бөлді.

Пунктегі жануарлар «Жануарларға жауапты қарау туралы» Заңына сәйкес қала және аудандарда ұйымдастырылған уақытша ұстау орындарына жеткізілген иесіз жануарлар арнайы тәртіппен асырап алуға ниетті тұрғындарға беріледі.

Айта кетейік, дәл мұндай нысан бүгінде Жамбыл, Байзақ, Жуалы, Мойынқұм аудандарында бар десек, алдағы уақытта Тараз қаласы мен барлық аудандарда салынатын болады. Ол үшін арнайы орындар белгіленіп, жер телімдері анықталған.

Ербол Қарашөкеев ветеринариялық пункттерді талаптарға сай ғимараттармен, ветеринариялық-санитариялық нысандармен, емдеу алаңдарымен қамтамасыз ету және материалдық-техникалық жабдықтау мәселелеріне айрықша назар аударылатындығын атап өтті.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға