Жаңалықтар

Жамбылда жайылымнан жылқы ұрлап, оны сойып сатқандар ұсталды

Жамбылда жайылымнан жылқы ұрлап, оны сойып сатқандар ұсталды
Фото: Видеодан кадр 23.02.2024 00:15 529

Жамбыл облысында жайылым жерлерден мал ұрлап, оларды сойып сатқан барымташылар ұсталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Полицейлер "Мал ұрысы" жедел-профилактикалық іс-шарасын жүргізу барысында қылмыстық топтың іс-әрекеттерін әшкереледі. Белгілі болғандай, күдіктілер алдын ала сөз байласу арқылы Байзақ, Жамбыл аудандарының аумағындағы жайылымдардан бірнеше рет жылқы малын ұрлап, содан кейін оларды сойып, сатумен айналысқан.

Ұсталған азаматтар уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды. Сондай-ақ, олардың бұдан басқа 4  мал ұрлау дерегіне қатысы бар екені және ұрланған 5 жылқы малын сойып сатқандығы анықталды делінген полиция мәліметінде.

Қазіргі таңда аталған дерекке қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Жамбыл Облысының Полиция Департаменті (@zhambyl_police)

Оқи отырыңыз: 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға