Жаңалықтар

Жамбылда заңсыз алтын өңдейтін цех жұмысы әшкереленді

Жамбылда заңсыз алтын өңдейтін цех жұмысы әшкереленді
Фото: polisia.kz 24.02.2023 15:51 959

Мойынқұм ауданының полиция қызметкерлері Ақбақай ауылында орналасқан жекеменшік үйдің қосалқы шаруашылығында құрамында бағалы металдары бар шикізатты заңсыз өңдеу жұмыстарын жүргізетін шағын цехты анықтады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

"Тексеру кезінде қолдан жасалған ұсатқыш, сынапқа ұқсас сұйықтығы бар 3 пластикалық бөтелке, азот қышқылы бар канистр, жалпы салмағы 116 келі болатын ішінде алтынды кені бар 2 қап табылды және тәркіленді. Осы дерекке қатысты Қр ҚК-нің 295-1-бабы 1-бөлігі (Бағалы металдар мен асыл тастардың, құрамында бағалы металдар бар шикізат тауарларының заңсыз айналымы) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Полиция қызметкерлерімен жүргізілген жедел-іздестіру жұмыстары нәтижесінде 28 жастағы жергілікті тұрғын анықталып, ұсталды", - делінген ақпаратта.

Оған қатысты ешқайда кетпеу туралы жазбаша түрдегі бұлтартпау шарасы таңдалды. Қазіргі уақытта мемлекетке келтірілген залал анықталып жатыр. Бірқатар қажетті сараптамалар тағайындалды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға