Жаңалықтар

Жамбылда тұрғын үй өртеніп, бір адам күйіп қалды

Жамбылда тұрғын үй өртеніп, бір адам күйіп қалды
Фото: Төтенше жағдайлар министрлігі 30.03.2024 09:34 328

Жамбыл облысы Төлеби ауылында бір қабатты 2 пәтерлі тұрғын үйде өрт шықты. Төтеншеліктердің мәліметінше, үйдің шатыры жанып, өрт шаруашылық жапсаржайға таралған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Өрт сөндірушілер оқиға орнына келгенге дейін 1963 жылы дүниеге келген пәтер иесі 2 дәрежелі күйікпен ауруханаға жеткізілген.

Қызыл жалын сағат 03:38-де сөндірілді. Өрт аумағы - 70 шаршы метр. 

Оқиғаның алдын ала себебі өртті абайсызда пайдаланудан болған.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға