Жамбылда бір күнде 124 борышкердің көлігі айыптұраққа қойылды

 © El.kz/Артем ЧУРСИНОВ
Фото: © El.kz/Артем ЧУРСИНОВ

Жамбыл облысында полицейлер төленбеген айыппұлы бар жүргізушілерді анықтауда. Өңірде "Борышкер" жедел-алдын алу іс-шарасы өтіп жатыр, деп хабарлайды El.kz интернет порталы. 

Іс-шараның мақсаты – әкімшілік айыппұлдарын төлемеген жүргізушілерге бақылауды күшейту болып табылады. Жол қозғалысы ережесін бұзғандарды анықтау үшін полиция қызметкерлері «Автоураган», «Сергек» және «Қорғау» мобильді кешендерін пайдалануда. Бұл жүйелер борышкерлерге тіркелген көліктерді нақты уақытта анықтауға мүмкіндік береді.

Полиция дерегінше, рейдтің алғашқы күнінде өндірілген айыппұл сомасы 20 миллион теңгеден асты. Сот орындаушыларының қаулылары бойынша 124 борышкердің көлігі айыптұраққа жеткізілді. 

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНЫҢ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІ (@zhambyl_police)

Оқи отырыңыз