Жаңалықтар

Жамбылда бағалы металдарды заңсыз өңдейтін шағын цех жұмыс істеген

Жамбылда бағалы металдарды заңсыз өңдейтін шағын цех жұмыс істеген
Фото: © Polisia.kz 12.10.2023 10:50 1016

Жамбылдық полицейлер құрамында бағалы металдар бар шикізатты заңсыз өңдейтін шағын цехты тапты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Жедел ақпаратты жүзеге асыру барысында Мойынқұм аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері Мойынқұм ауылының 54 жастағы тұрғынының жеке тұрғын үйінің қосалқы ғимаратында құрамында бағалы металдар бар шикізатты заңсыз өңдейтін шағын цехты анықтады.

Тексеру барысында қуат көзіне қосылған 3 қолдан жасалған ұсақтағыш, сондай-ақ жалпы салмағы 1 тоннаға жуық әртүрлі тастар табылып, тәркіленді.

Аталған дерекке қатысты ҚР ҚК-нің 295-1-бабының 1-бөлігі (Бағалы металдар мен асыл тастардың, құрамында бағалы металдар бар шикізат тауарларының заңсыз айналымы) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталды. Сараптама тағайындалды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға