Жамбыл облысында жүк көлігі өртеніп кетті

 © Pixabay.com
Фото: © Pixabay.com

Жамбыл облысында жүк көлігі отқа оранды. Оқиға кеше 9 маусымда кешкі уақытта "Алматы-Ташкент" тас жолының 145 шақырымында болған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

Өрт жүк көлігінің тұрмыстық техника тиелген бөлігінде болған. 

Құтқарушылар өртті дер кезінде оқшаулады. Зардап шеккендер жоқ. 

Оқи отырыңыз