Жаңалықтар

Жамбыл облысында жетім балалар баспана алу мүмкіндігінен айырылған

Жамбыл облысында жетім балалар баспана алу мүмкіндігінен айырылған
Фото: ©pixabay.com 21.05.2024 18:00 375

Жамбыл облысының Меркі ауданында жетім балалардың тұрғын үйге қатысты құқықтары бұзылған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Ведомство өкілдерінің хабарлауынша, уәкілетті орган мемлекеттік тұрғын үй қорынан пәтер алуға бірінші кезектегі құқығы бар тұлғалар арасында тұрғын үйлерді бөлу кезінде заңнаманы бұзуға жол берген.

2022 жылы аудан әкімдігі тұрғын үй қорынан 20 пәтер сатып алғанымен, бірде-бір жетім балаға баспана бермеген. Осылайша, жетім балалар мемлекет кепілдік берген кезекке тұру құқығынан және баспана алу мүмкіндігінен айырылды.

Прокурорлық қадағалау актісі бойынша 3 бала тұрғын үй кезегіне қойылып, 4 балаға құқықтық құжаттарды рәсімдей отырып, тұрғын үй қорынан пәтер берілді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға