Жамбыл облысында жер сілкінісінің салдарын бағалау жөніндегі үкіметтік топтың жұмысы жалғасуда, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Төтенше жағдайлар вице-министрі Кеген Тұрсынбаев бастаған үкіметтік жұмыс тобы Жамбыл облысында жұмысын жалғастырып жатқаны белгілі болды. Екінші күні мамандар зардап шеккен аудандарға, яғни Меркі және Т.Рысқұлов атындағы ауданға тексеру жүргізіп, арнайы комиссиялардың есептерін тыңдаған. Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің төрағасы Бақытжан Жүнісбеков тұрғын үйлер мен басқа да ғимараттардың зақымдану дәрежесі туралы мәліметтерді ұсынды.
ТЖМ Сейсмологиялық бақылау және зерттеу ұлттық ғылыми орталығының директоры Дәулет Сәрсенбаев өңірде орнатылған сейсмологиялық станциялар мен датчиктердің жұмысы туралы баяндады. Олар жер асты дүмпулерін тіркеп, сейсмикалық белсенділікті талдауға көмектеседі, бұл тәуекелдерді уақтылы бағалауға мүмкіндік бермек.
Қазіргі уақытта жағдай тұрақты, тіршілікті қамтамасыз ету жүйелері штаттық режимде жұмыс істеуде. Мамандар залалды бағалауды жалғастыруда және тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қажетті шараларды қабылдап жатыр.
Жамбыл облысында жер сілкінісіне қатысты үкіметтік топ жұмыс істеп жатыр
Оқи отырыңыз
Кеше, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады