Жамбыл облысында жеңіл автокөлік танкімен соқтығысты
29.08.2024 18:32
1092

Фото: видеодан алынған кадр
Желіде Жамбыл облысында танк автокөлікпен соқтығысып қалғаны түсірілген видео тарады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Қорғаныс министрлігі бұл оқиғаға қатысты түсініктеме берді.
2024 жылдың 28 тамызында Гвардейск гарнизоны «Мәтібұлақ» оқу-жаттығу полигонының аумағында жауынгерлік техниканың қозғалысы кезінде Mercedes маркалы автокөлігі жол жүру ережесін бұзып, Т-72 танкімен соқтығысқан. Әскери техника жүретін жерлерде «Танкке жол бер» белгісі қойылған, - делінген хабарламада.
Ведомство көлік жүргізушісі жеңіл жарақат алғанын, ешқандай шағымы жоқ екенін, өзін ауруханаға жатқызудан бас тартқанын хабарлады.
Бөлісу:

Алдыңғы жаңалық
Мажоритарлы сайлау жүйесі қайта жанданды
Келесі жаңалық
Елордада қазақ-қырғыз арасында саяси консультация өтті