Жаңалықтар

Жамбыл облысында үш ауданаралық аурухана ашылады

Жамбыл облысында үш ауданаралық аурухана ашылады
Фото: © Pixabay.com 25.05.2023 13:00 1112

Бұл туралы Жамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітов брифингте айтты, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Облыс әкімінің айтуынша, Жамбыл облысында халықты сапалы медициналық қызметпен қамту мақсатында 3 ауданда орталық ауруханалар құрылысы мен 3 ауданда көпбейінді ауданаралық ауруханаларды қайта жаңғырту жобаларының құжаттары әзірленуде.

Облыстағы денсаулық сақтау ұйымдарының тозу деңгейін төмендету мақсатында 3,3 миллиард теңгеге 20 денсаулық сақтау нысанының құрылысы жоспарланған. Оның ішінде «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» жобасы шеңберінде 1,7 миллиард теңгеге 10 денсаулық сақтау нысанының құрылысын жүргізуді және 1,5 миллиард теңгеге 10 нысанды күрделі жөндеуден өткізу көзделген, – деді ол.

Өңір басшысы саланың медициналық техникамен жабдықталу деңгейі 91,9 пайызды құрағанын және осы мақсатқа жергілікті бюджеттен 2,4 миллиард теңгеге қажетті медициналық құралдар алынатынын айтты. Яғни жабдықталу деңгейін 96,6 пайызға жеткізбек.

Халықты сапалы медициналық қызметпен қамту мақсатында облыстағы Байзақ, Қордай, Жуалы орталық ауруханалар құрылысы мен Меркі, Шу, Талас көпбейінді ауданаралық ауруханаларды қайта жаңғырту жобаларының құжаттары әзірленуде, – деді облыс әкімі.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға