Жаңалықтар

Жамбыл облысында кәріз қондырғысынан 2 баланың денесі табылды

Жамбыл облысында кәріз қондырғысынан 2 баланың денесі табылды
Фото: ©El.kz/Нүркен АЛИШЕВ 10.07.2023 14:05 716

Жамбыл облысында ата-анасының қарауынсыз қалған екі бала суға батып кетті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі

2023 жылғы 9 шілдеде сағат 18.00 шамасында Шу қаласында жергілікті тұрғын кәріз тазарту қондырғысынан 2013 жылы туған екі баланың денесін алып шықты, - делінген ТЖМ мәліметінде.

Ересектердің қарауынсыз қалған балалар ойнап жүріп, суға батып кеткені анықталды.

Сот-медициналық сараптама тағайындалды.

Төтенше жағдайлар министрлігі ата-аналарға ескерту жасады. Балаларды қараусыз қалдырмай, қауіпсіздік ережелерін үйрету керегін айтты.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға