Жаңалықтар

Жамбыл облысында ірі жел электр станциясы салынады

Жамбыл облысында ірі жел электр станциясы салынады
Фото: © Pixabay.com 25.05.2023 12:49 1097

Жамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітов баспасөз мәслихатында бірқатар шетелдік инвестор өңірде жел электр станциясын салуға қызығушылық танытып отырғанын айтты, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Облыс әкімінің сөзінше, форум аясында бірқатар шетелдік және отандық инвесторлармен кездесіп, электр энергиясы бойынша – 3, инфрақұрылым тарту бойынша – 4, жер мәселесі бойынша – 5 және газ тарту бойынша екі жоба оң шешімін тапқанын айтты.

Облыстың күн, жел және электр станциясын салуға әлеуеті өте жоғары. Сондықтан бірқатар шетелдік инвестор өңірде жел электр станциясын салуға қызығушылық танытып отыр. Бұл ретте Мемлекет басшысының бастамасымен облыста бірнеше ірі жобаны жүзеге асыру жоспарлануда. Мәселен, Францияның және БАӘ компаниялары ауқымды жел электр станциясын салуға ниет білдірді, – деді ол.

Сондай-ақ Президенттің Қытай еліне мемлекеттік сапарында қытайлық компаниямен тағы да осындай бір жоба бойынша келісім жасалғаны айтылды.

Нәтижесінде бұл салаға тартылатын қаржының көлемі 3 миллиард доллардан асады. Облыстың жаңартылған энергия көздерінің республикадағы үлесін 40 пайызға дейін жеткізуді көздеп отырмыз, – деді Жамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітов.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға