Жаңалықтар

Жамбыл облысында екі адамды қаңғыған иттер талап тастады

Жамбыл облысында екі адамды қаңғыған иттер талап тастады
Фото: ©El.kz/Артем ЧУРСИНОВ 05.03.2024 09:30 1386

Жамбыл облысында қаңғыған иттер талаған екі адам ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігі.

Ауыл маңынан өтіп бара жатқан жолаушылар 20 жастағы мүмкіндігі шектеулі қызды иттер талап жатқан жерінен құтқарып қалды. Қала маңындағы Барысхан алқабында мектеп оқушысы иттердің жемтігіне айнала жаздады. Жеткіншекті көршілері құтқарып қалған. Оларға алғашқы медициналық көмек көрсетіліп, үйіне жіберілді.

Жамбыл облыстық ветеринария басқармасы иттер шабуылдаған екі аймаққа да арнайы бригада жіберіліп, жүзге жуық иттің көзін жойдық дейді.

Жамбыл облысы ветеринария станциясы директорының міндетін атқарушы Ғабит Кебеев тек қаңғыбас ит қана емес, жер үйдегілердің де иті қөбінесе байланбайды дейді.

Оның айтуынша, зардап шеккен адамдардың жартысынан көбісін иесі бар ит талаған.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға