Жаңалықтар

Жамбыл облысында 500-ден астам жүк көлігі тас жолдың бойында тұр

Жамбыл облысында 500-ден астам жүк көлігі тас жолдың бойында тұр
Фото: ІІМ-нің баспасөз қызметі 14.12.2023 19:21 598

Жамбыл облысында ауа райының қолайсыз жағдайына байланысты 500-ден астам жүк көлігі тас жолдардың бойында тұр, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі ІІМ-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жамбылдық полицейлер автожолдардағы жағдай дұрысталып, қауіп сейілгенше азаматтарға жан-жақты көмек көрсетуде. Тәртіп сақшылары жаураған жолаушыларға ыстық шәй мен нан таратып, жағдайды түсіндіруде. Алыс жолға шыққан көліктердің майы қатып, техникалары істен шығып, жолда бұзылып қалып жатыр, - деп жазылған министрлік таратқан ақпаратта. 

Осыған байланысты полиция қызметкерлері жүргізушілермен бірге болып, жағдайды бақылауда ұстайтын болады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға