Жаңалықтар

Жамбыл облысында 17 жасар қыздың мәйіті табылды

Жамбыл облысында 17 жасар қыздың мәйіті табылды
Фото: ©El.kz/Ербол БЕКБОЛАТ/Midjourney 10.11.2024 23:09 801

Жамбыл облысында 17 жасар қыздың денесі табылды. Алдын ала болжам бойынша ол жалға алған пәтер терезесінен секіріп кеткен. Бұл мәліметті HALYQSTAN Telegram-арнасы жариялады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Желідегі ақпаратқа сүйенсек, жас қыз пәтерді жалға алып, кәмелет жасына толмаған достарын шақырған. Олар бірге көңіл көтеріп, ішімдік ішкен. Кейін жас қыз достарына өмірмен қоштасқысы келетінін бірнеше рет айтқан екен. Келер күні көпқабатты үй маңынан қыздың денесін сондағы тұрғындардың бірі тапқан. 

Қыздың өліміне қатысты қылмыстық іс қозғалды. Жамбыл облыстық ПД мәліметінше, Қордай ауданында қыздың денесін табу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Оқиғаның мән-жайын анықтау үшін қажетті жедел-тергеу іс-шаралары жүргізілетін болады. Өзге ақпарат Қылмыстық-процестік кодексiнің 201-бабына сәйкес басқа мәліметтер жария етілмейді.  

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға