Жаңалықтар

Жамбыл облысы «Таза Қазақстан» экологиялық акциясын қолдады

Жамбыл облысы «Таза Қазақстан» экологиялық акциясын қолдады
Фото: facebook/Ербол Қарашөкеев 10.04.2024 10:34 321

«Таза Қазақстан» ауқымды акциясы Жамбыл облысында «Таза аула. Таза өлке. Таза ел!» бастамасы аясында өтеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Елімізде 8 сәуірден бастап «Таза Қазақстан» ауқымды акциясы басталды. Жамбыл облысының тұрғындары да бұл бастаманы белсенді қолдауда. Акция аясында Тараз қаласы мен өңірдің барлық ауданында 5 апта бойы экологиялық іс-шаралар өткізу жоспарлануда. Олардың әрқайсысы белгілі бір тақырыпқа бағытталған.

Құрметті жамбылдықтар! Қадірлі әулиеаталықтар! Тарихы терең, киелі Әулиеата өңірінде «Таза Қазақстан» акциясы аясында «Таза аула. Таза өлке. Таза ел!» экологиялық науқаны басталды. Бұл игі бастамаға барша облыс тұрғындары өзара ұйымшылдықпен қатысады деп сенемін. Мемлекет басшысы көшелерді тазарту, көгалдандыру және елді мекендердің аулаларын абаттандыру, жолдарды ретке келтіру бойынша нақты міндеттер жүктеген болатын. Расында да, бұл тұрғыда мәселелердің өзектілігі күн санап артып келеді, - деп жазды аймақ басшысы Ербол Қарашөкеев.

Мемлекет басшысының айтуынша, оның шешілуіне жұмыла жұмыс жасағанда ғана нақты нәтижеге қол жеткізе аламыз. Себебі, қоршаған ортаның тазалығына жауапкершілікпен қарау – әрбір азаматтың басты міндеті. Туған жерімізді, туған өлкемізді аялау, оны көздің қарашығындай қадірлеу – ортақ іс.

Халқымызда «Ауылына қарап – азаматын таны» деген жақсы сөз бар. Біз үшін бүгінде «Тараз – жасыл қала» деген лайықты бағамызды сақтап қалу – маңызды. Тек облыс орталығын ғана емес, аудандар мен ауылдардың да ажарын арттырып, абаттандыру – басты талап. Көптеген айтулы тұлғаларды түлеткен өңіріміз – еліміздің мақтанышы болып қалуы керек. «Жұмыла көтерген жүк – жеңіл!»-деп тегін айтылмаған. Ендеше, барша облыс тұрғындарын тазалықты сақтауға, табиғатты аялауға, айналамызды күтіп ұстауға шақырамын!, - деп жазды  Ербол Қарашөкеев.

Жамбыл облысы «Таза Қазақстан» экологиялық акциясын қолдады

facebook/Ербол Қарашөкеев

«Таза өлке». Бірінші аптада елді мекендердің тұрғындары, қоғам қайраткерлері, ұйымдардың қызметкерлері өз аумағындағы аулаларды тазалайды.

«Киелі мекен». Екінші апта тарихи-мәдени ескерткіштердің аумағын абаттандыруға арналады.

«Жасыл аймақ». Үшінші аптада көшет отырғызу, ағаштарды әктеу жұмыстары жүргізіледі.

«Өнегелі ұрпақ». Акцияның төртінші аптасында ардагерлердің аулалары мен қарттар үйінің аумағын тазалау, абаттандыру көзделеді.

«Мөлдір бұлақ». Акцияның қорытынды, бесінші аптасында өзендер мен көлдер қоқыстан тазартылады.

Жамбыл облысы «Таза Қазақстан» экологиялық акциясын қолдады

facebook/Ербол Қарашөкеев

Сондай-ақ экологиялық науқан аясында Тараз қаласындағы Ы. Дүкенұлы атындағы Мәдениет үйінің аумағында ағаш отырғызу акциясы өтеді. Облыс орталығында және Жуалы ауданында «Таза аула, таза көше» байқауы өтеді.

Шу тұрғындары сенбілікті Теміржолшылар саябағында өткізеді. Сарысу ауданында белсенді азаматтар сенбілікке орталық алаңда және Комсомол көлінің жағасында жиналады.

Жамбыл облысы «Таза Қазақстан» экологиялық акциясын қолдады

facebook/Ербол Қарашөкеев

Шара барысында өңірдегі арықтар мен каналдарды тазалау, абаттандыруға баса назар аударылады.

«Таза Қазақстан» акциясына «Жас ұлан» және «Жасыл ел» жасақтары да белсене атсалыспақ.

Жамбыл облысы «Таза Қазақстан» экологиялық акциясын қолдады

facebook/Ербол Қарашөкеев

Жамбыл облысы «Таза Қазақстан» экологиялық акциясын қолдады

facebook/Ербол Қарашөкеев

Жамбыл облысы «Таза Қазақстан» экологиялық акциясын қолдады

facebook/Ербол Қарашөкеев

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға