Жаңалықтар

Жамбыл облысы 2025 жылға дейін жүз пайыз интернетке қол жеткізеді - әкім

Жамбыл облысы 2025 жылға дейін жүз пайыз интернетке қол жеткізеді - әкім
Фото: © СЦК 25.05.2023 13:29 497

Жамбыл облысындағы барлық елді мекендер жол картасына сәйкес 4G интернетпен қамтылады. Бұл туралы баспасөз мәслихатында аймақ басшысы Нұржан Нұржігітов айтты, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Облыс әкімі Нұржан Нұржігітовтің баяндағандай, аталған жол картасына сәйкес, 2027 жылға дейін 165 елді мекенде мобильді интернет желісінің сапасын 4G-ге арттыру, 28 елді мекенді электр желілері мен антенна-діңгек құрылысымен қамту міндеті тұр.

2027 жылға дейін 155 елді мекендегі мемлекеттік мекемелер талшықты-оптикалық байланыс желісімен, республикалық және облыстық маңыздағы жолдарды цифрлық инфрақұрылыммен қамтамасыз етуіміз керек, – деді облыс әкімі.

Сондай-ақ мемлекет басшысының «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасына сәйкес өңірде халықпен кері байланыс жүйелі жолға қойылғандығы да айтылды.

Азаматтардың өтініштерін сапалы әрі мерзімінде қарау мақсатында облыс әкімдігінде арнайы топ құрдық. Ауылдық округ әкімдеріне әр отбасына кіріп, олардың әлеуметтік мәселелерін қарау, туындаған мәселесін жергілікті жерде шешу жөніндегі міндеттер жүктелген, – деді ол.

Нәтижесінде жыл басынан бері түрлі деңгейдегі әкімдермен  610 кездесу өтіп, 1000-ға жуық азамат қабылдауда болып, 314 азаматтың  мәселесі оң шешімін тапқан екен.

Бұдан бөлек, жергілікті атқарушы органның басшылық құрамына бір айда бір тұрғынның мәселесін шешу жөнінде міндет жүктеліп отыр, – деді Нұржан Нұржігітов.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға