Жаңалықтар

Жамбыл облыстық театры өнер маусымында Жетісу өңіріне гастрольге шықты

Жамбыл облыстық театры өнер маусымында Жетісу өңіріне гастрольге шықты
Фото: © El.kz 03.04.2024 07:33 203

Талдықорған өңіріне Жамбыл облысының орыс театры гастрольдік сапармен келді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Шығармашылық труппа облыс орталығының көрермендеріне «Дикарь», «Именины на костылях», «Шутники» спектакльдерін ұсынбақ. Сондай-ақ, гастрольдік бағдарламада балаларға арналған «Золушка», «Маша и медведь» қойылымдары да бар. Спектакльдер Б.Римова атындағы Талдықорған драма театрының сахнасында өтеді. Б. Римова театрының «Instagram» әлеуметтік желісіндегі ресми парақшасында жарияланған гастрольдік афиша мәліметтеріне сәйкес спектакльдер ертең басталады.

Жамбыл облыстық орыс драма театрының Жетісу өңіріне сапары 5 сәуірге дейін жалғасады. Сонымен қатар труппа бүгінде Текелі қаласының мәдениет үйінің сахнасында «Маша мен аю» балалар қойылымын ұсынуда.

Атап өтсек, Жамбыл облыстық орыс драма театры 1967 жылы құрылған. Жарты ғасырдан астам тарихы бар театр отандық театр өнерін дамытуға өз үлесін қосып келеді. Жыл сайын өнер ұжымы Қазақстан қалаларын аралап, театр фестивальдеріне қатысып, кәсібилік деңгейін арттырып, шығармашылық әлеуетін кеңейтуде.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға