Жаңалықтар

Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы сайлауға қатысады

Бұл туралы партиядан мәлім етті
Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы сайлауға қатысады
Фото: baq.kz 21.01.2023 15:37 1610

Жалпыұлттық социал-демократиялық партия Төралқасының мәлімдемесі жарияланды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі. 

"Біз, Жалпыұлттық социал-демократиялық партия – еліміздегі саяси өзгерістер үшін күресуге дайын жалғыз оппозициялық күшпіз.

Өткен парламенттік сайлау науқанында дауыс берудің әділ өтуіне күмән келтіріп, өз кандидаттарымызды ұсынбай, сайлауға бойкот жариялауды шештік. Енді жағдай өзгерді, заңнамалық шарттар мен билік жүйесінің өзі өзгерді. Сондықтан да, еліміздің болашағы алдындағы жауапкершілікті түсіне отырып, біздің партия алдағы сайлау науқанына қатысу туралы шешімін қабылдады.

Еліміз өмірдің барлық салаларында жүйелі проблемалармен бетпе-бет кездесуде. Саяси және экономикалық ресурстарға қол жеткізу азаматтарымыздың көпшілігіне шектеулі. Байлар мен кедейлер арасындағы алшақтық бұрын-соңды болмаған мөлшерге жетті. Біз мемлекеттіміздің қазіргі қоғамдық-саяси және экономикалық саясатын қабылдамаймыз және қабылдағымыз да келмейді. Біз сайлауға қоғамда жылдар бойы жиылған мәселелерді шешу, азаматтардың құқықтарын кеңейту және саяси жүйені демократияландыру мақсатында қатысамыз", - делінген мәлімдемеде.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға