Жаңалықтар

Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы кезектен тыс съезін өткізеді

Бұл туралы партияның баспасөз қызметі мәлім етті
Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы кезектен тыс съезін өткізеді
Фото: ЖСДП 31.01.2023 12:22 1901

2 ақпан күні сағат 11:00-де Жалпыұлттық социал-демократиялық партияның кезектен тыс ХХ съезі өтеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі саяси ұйымның сайтына сілтеме жасап.

Съезд жұмысына Қазақстанның бүкіл аймақтарынан келген партия филиалдарының делегаттары қатысады.

2023 жылдың 21 қаңтарында ЖСДП төралқасы 19 наурызда өтетін Парламент Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауына қатысатынын хабарлаған болатын.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға