Жаңалықтар

Жалғас Жұмағұловтың UFC-дегі 6-шы кездесуі сәтсіз болды

Ол америалық Чарльз Джонсонмен (11-3) жекпе-жекке шыққан болатын
Жалғас Жұмағұловтың UFC-дегі 6-шы кездесуі сәтсіз болды
Фото: Sports.kz 20.11.2022 06:35 1268

Жалғас Жұмағұлов (14-7) Лас-Вегаста (АҚШ) аралас жекпе-жектен өткен UFC Fight Night 215 турнирінде өнер көрсетті, деп хабарлайды sports.kz-ке сілтеме жасап.

Ол америкалық Чарльз Джонсонмен (11-3) жекпе-жекке шыққан болатын. Жеңіл салмақтағы бұл кездесу 3 раундқа есептелген. Төрешілер жеңісті АҚШ өкіліне берді.

Осылайша, Чарльз Джонсон өзінің кәсіби мансабындағы 12-ші жеңісіне қол жеткізді. Ал Жалғас Жұмағұлов 8-ші рет жеңілді.

UFC-дегі кездесулерге келетін болсақ, Жалғас Жұмағұлов бұл алаңда 5 рет жеңіліс тапты (тек бір рет қана жеңді). Джонсон болса алғашқы кездесуін жеңіспен бастады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға