Жаңалықтар

Жалған ақшаны қалай анықтауға болады?

Қолдан жасалған ақшалардың көп бөлігі Алматыда тәркіленді
Жалған ақшаны қалай анықтауға болады?
Фото: 24.kz 14.11.2022 16:00 1709

Қазақстан Ұлттық Банкі мен екінші деңгейлі банктер 739 650 теңгеге парапар қолдан жасалған 250 ақша белгісін (247 банкнота мен 3 монета) анықтады. Бұл 2021 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 55%-ға аз. Бұл туралы ҚҰБ банкноттар мен монеталарды сараптау басқармасының бастығы Асқат Мұқамадиев айтты, деп хабарлайды El.kz

Биыл номиналы 2 000 теңгелік банкноталар қолдан көп жасалды – 161 дана, бұл – жалпы санның 64%-ы. Одан кейінгі орындарда номиналы 10 000 теңгелік – 27 дана (11%), 5 000 теңгелік – 24 дана (9%) жалған банкноталар тұр, қалған 16%-ы – басқа номиналдарға тиесілі.

Қолдан жасалған ақшалардың көп бөлігі Алматыда тәркіленді – 126 дана (50%), Шығыс Қазақстан облысында – 59, Астанада – 22 дана.

Қазақстанда жалған банкноталар көп жағдайда компьютерлік техника мен кәдімгі офсеттік қағазда түрлі түсті принтердің көмегімен жасалады. Ақшаны қолдан жасаушылар көрнекі қорғаныш элементтерін түпнұсқаға мейілінше ұқсатуға тырысады.

Ұлттық банк қолдан жасалған ақшаны ажыратуға көмектесетін қарапайым қағидаларды еске салады.

  • Арнайы мөр. Банкноттарда бедер тудыратын арнайы мөр бар. Сол сияқты барлық банкноттарда көру қабілеті нашар адамдарға арналған, қолмен ұстағанда жақсы білінетін дөңес тәрізді жоғары бедерлі элемент түріндегі белгілер бар.
  • Банкноттың түсі. Ақшаның түсі анық және контрастылы болуға тиіс, су таңбасы мен номиналдың цифрлық бейнесін көру үшін банкнотты жарыққа бағыттап көру қажет.  
  • Магниттік жіп. Банкнот бетіндегі жазулары бар тұтас жіп тәріздес, жарықта анық көрінетін жазулар бар үзік сызық түріндегі тұтас магниттік және сүңгуір жіпке де назар аударған жөн.
  • Түс ауысуы. Номиналы 1 000, 2 000, 5 000, 10 000 және 20 000 теңгелік банкноттарда түрлі-түсті бояумен салынған сурет түріндегі бейнелер бар. Банкноттың көлбеу бұрышы өзгерген кезде бейнелердің түсі жасылдан алтын түске дейін өзгереді.
Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға