Жаңалықтар

"Жағамды ұстадым". Бурак Озчивитпен суретке түсуге таласқан алматылықтар ұятқа қалды

"Жағамды ұстадым". Бурак Озчивитпен суретке түсуге таласқан алматылықтар ұятқа қалды
Фото: Видеодан кадр 02.10.2023 15:10 3452

Желіде Бурак Озчивиттің Алматыда жанкүйерлерімен кездескен сәтінен видео тарап, көпшіліктің ашуын тудырды. Бейнежазбада актерді орнынан тұрғызып, еркінен тыс суретке түсуге мәжбүрлеп жатқанын көруге болады, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Аталмыш видео Instagram желісінде жарияланған. Бейнежазбаны жүктеген желі қолданушысы орын алған ыңғайсыз жағдайдан жаға ұстағанын жасырмады.

Адамдар оған бас салғаны сонша, оларды қорғаушылар да тоқтата алмады, - деген жазба қалдыржы ол.

Желіде тарап кеткен видеода түрік сериалдарының жұлдызын жанкүйерлері қоршап алып, онымен суретке түсуге талпынып жатқанын көруге болады. Жанкүйерлердің бірін әртістің қорғаушысы ұстап алады. Ал басқа бейнежазбада бір арудың актердің қасына барып алып, суретке түсу үшін оны орнынан тұрғызып жатқаны көрініс тапты.

Мобилографты итеріп жіберіп, оған суретке түсірсін деп өз ұялы телефонын берді. Өте ұят жағдай, - деді желі қолданушысы. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға