Жаңалықтар

Жабылған қаржы пирамидаларына да ақша салып жатқандар бар – агенттік

Азаматтар қылмыскерлердің жарнамасына алданып, ақша салуды жалғастырып жатыр
Жабылған қаржы пирамидаларына да ақша салып жатқандар бар – агенттік
Фото: kazgazeta.kz 05.12.2022 17:15 1098
Қазақстанда қылмыстық әрекеті дәлелденген қаржы пирамидаларына қаражат тарту жиілеп барады. Бұл туралы Қаржылық мониторинг агенттігінің ресми өкілі Әлібек Әбділов мәлімдеді, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
 
Бұған дейін ведомство "LV Force", "World Business Consulting", "The Finico", "Caspian Crocus", "B2B Jewelry", "ПК Елімай-2019", "Мебельный проект Нур", "Лидер", "Лидер капитал-168", "Нарымбетова", "Hermes – LTD" және тағы басқа қаржы пирамидаларының қызметіне тосқауыл қойған болатын.
 
"Олар қарапайым мессенджерлерден бастап білім беру курстары мен жылжымайтын мүлік сатып алуға дейін әртүрлі қызмет түрлерін ұсынып, азаматтардан ақша алудың қылмыстық схемаларын жүзеге асырды", - дейді Әлібек Әбділов.
Оның айтуынша, қаржы пирамидаларының әрекетінен халық қаражатынан айырылып жатқанына қарамастан, кейбір азаматтар қылмыскерлердің жарнамасына алданып, ақша салуды жалғастырып жатыр.
 
Осыған байланысты Қаржылық мониторинг агенттігі профилактикалық жұмыстарға баса назар аударып, оқушылар мен студенттер арасында қаржылық қауіпсіздік және сауат ашу сабақтарын өткізіп, қаржы пирамидасының белгілері бар сайттар мен аккаунттарды анықтау үшін заманауи технологияларды қолдануда.
 
Әбділов азаматтарды қырағы болуға, жинағын күмәнді компанияларға салмауға шақырды.
 
"Егер сіз немесе сіздің жақындарыңыз қаржы пирамидасының қызметіне тап болса, бұл туралы Қаржылық мониторинг агенттігіне дереу хабарлауыңызды сұраймыз", - деп түйіндеді ол.
Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға