Жаңалықтар

Жақсы бастама жасалды

Жақсы бастама жасалды
31.01.2018 09:57 1904

Зеренді ауданының Достық орталығында аудандық Аналар кеңесінің отырысы өтті. Кездесуге ауылдық округтердегі кеңестердің мүшелері мен Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясының жанындағы Аналар кеңесінің төрайымы Зере Қиықова қатысты.

Өз сөзінде аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Клара Сағындықова, Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауының негізгі тармақтарына жіті тоқтала келе, ғаламдық деңгейдегі маңызы бар мәселелерді шешуде Президент Жолдауында көрсетілген іс-шаралар барша халық пен мемлекет үшін жаңа мүмкіндіктер ашатынын ерекше атап өтті. Сонымен қоса пікір иесі Елбасының бастамасымен аталмыш алға қойылған мақсаттардың барлығы орындалатынына сенімді екенін жеткізді.

Ақмола ҚХА-ның жанындағы Аналар кеңесінің төрайымы Зере Қиықова жиынға қатысушыларға облыстық кеңестің 2017 жылы жасаған жұмысы туралы баяндап берді. Аналар кеңесінің «Қыз тәрбиесі-ұлт тәрбиесі» атты жобасын жүзеге асыру аясында атқарылған жұмыстар аз емес. Олардың ішінде: дөңгелек үстел, шеберлік-сағаты, киелі мекендерге экскурсия, қайырымдылық акциялары, лекция және әңгімелесу форматтарындағы іс-шаралар бар. Облыстық Аналар кеңесінің 2018 жылға арналған жоспары дайындалып, сәйкесінше жүзеге асырылуда.

«Қазақ тілі мен мәдениеті» бірлестігі мен Зеренді аудандық Аналар кеңесінің белсенді мүшесі Күләш Рақымжанова, кездесу қорытындысында сөз кезегін алып, аталмыш отырыс сынды кездесулердің қажеттілігі мен маңыздылығына айрықша тоқталды. Кездесуге қатысушылардың барлығы да бұндай жиындарды мүмкіндігінше жиі өткізіп тұру керек деген оймен келісті. Аналар кеңесінің дамуы мен жұмысын жүргізудегі бағыттар айқындалып, жемісті нәтиже күттірер жақсы бастама жасалды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға