Жаңалықтар

Жаңа туған үшемге Қасым, Жомарт және Кемел есімдері қойылды

Фото: otyrar.kz
Жаңа туған үшемге Қасым, Жомарт және Кемел есімдері қойылды
02.06.2022 11:36 7321

Халықаралық балаларды қорғау күні қарсаңында дүниеге келген үшемге Қасым, Жомарт және Кемел есімдері қойылды, - деп хабарлайды AstanaTV арнасы.

Бұл Ақтөбеде соңғы бір жарым жылда дүниеге келген алғашқы үшем. Қазір балалар мен анасы дәрігерлердің бақылауында. Дәрігерлер балаларда бәрі жақсы екенін, тек салмақ қосу керегін айтады.

"Марқұм енем болашақта балалы болып жатсаңдар атын Кемел деп қойыңдаршы деп өтініш білдірген болатын. Бізде үшем болатынын білгенде Қасым және Жомарт деп қоямыз деп шештік", - дейді үшемнің анасы Қарлығаш Жармағамбетова.

Қарлығаш Жармағамбетова күйеуі екеуі екінші сәбиді көптен армандаған. Ол үшемді жасанды жолмен ұрықтандыру арқылы өмірге алып келген.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға