Жаңа Қазақстанды қолдаймын – елорда тұрғыны
![Жаңа Қазақстанды қолдаймын – елорда тұрғыны Жаңа Қазақстанды қолдаймын – елорда тұрғыны](/storage/storage/element/2022/06/07/mainphoto/5937/1200xauto_d7mEDucE50aMnukIU3Z4FNwT5mrFINBiV9owp6SL.jpg)
Бүгін Қазақстанның барлық аймағында референдум өтіп жатыр. Таңғы сағат 7-ден бері азаматтар өз дауыстарын беруде, - деп хабарлайды El.kz.
– Мен еліміздің ата заңына енгізіліп жатқан барлық өзгерістерді қолдаймын. Сол үшін бүгін 341-ші учаскеге өз дауысымды беруге келдім. Бұл Қазақстан үшін және Қазақстанның азаматтары үшін маңызды сәт деп ойлаймын. Еліміз болашақта жарқырап, жайнауына тілектеспін, - деді азаматша Алтын Қайырбекқызы.
Сағат 09:00-дан бастап 341-ші учаскеде халық белсенді түрде дауыс беріп жатыр. Референдумға ұлттық киіммен келгендер де болды. Ел тарихындағы маңызды сәтте ұлттық құндылықтарымыз да дәріптелуі тиіс деген пікірде.
– Бүгін дауыс беруге өзімнің сіңіліммен бірге келдім. Халықпен бірге жаңа Қазақстанды қолдаймын. Патриот азамат ретінде, барша қазақстандықтарды дауыс беруге шақырамын. Болашақта халықтың жағдайы жақсарса екен деп тілеймін,- деді елорда тұрғыны Бақыт Халықоразова.
![Telegram](https://el.kz/static/site/images/tel26.png)