Жаңалықтар

«Жаңа формация басшысы» курсы аясындағы топтық жобалар қорғалды

Оқудан өткен мемлекеттік қызметшілерге сертификаттарды  Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Дархан Жазықбаев табыстады
«Жаңа формация басшысы»  курсы аясындағы топтық жобалар қорғалды
Фото: ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы 17.10.2022 13:19 1095

ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында «Жаңа формация басшысы – 2022» оқуларының салтанатты жабылу рәсімі өтті, деп хабарлайды El.kz. Бұл туралы академияның баспасөз қызметі мәлімдеді.

Оқудан өткен мемлекеттік қызметшілерге сертификаттарды Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Дархан Жазықбаев табыстады.

Өз сөзінде Агенттік төрағасы мемлекеттік қызметкерлердің атқарып жүрген миссияларының маңыздылығын атап өтті. «Бүгінгі семинар-тренингтардың барлығы да алдағы уақытта жұмысты тиімді жүзеге асыруға және халықтың әл-ауқатын көтеруге себеп болады деп ойлаймын. Біз тез, жылдам, сапалы және әділ қызмет көрсету керекпіз. Бұл үшін әрбір мемлекеттік қызметшінің бойында ашықтық, әділдік және адалдық қасиеттер болу қажет», – деп барлығына сәттілік тіледі.  

Атап өту керек, 22 тамыз - 4 қазан аралығында мемлекеттік саяси қызметшілер үшін «Жаңа формация басшысы» оқулары өтті. Еліміздің барлың өңірінен жиналған 48 мемлекеттік саяси қызметші 240 академиялық сағат аралығында жаңа білімге ие болды. Оқу қорытындысы бойынша 15 қазан күні топтық жобалар қорғалды. Бағдарламаны іске асыру маңызды құзыреттерді қалыптастыруға және дамытуға бағытталды: жаһандық көзқарас, тиімді коммуникациялық дағдылар, стратегиялық ойлау және көшбасшылық.

Аталған оқу ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің бастамасымен, ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы және Назарбаев Университеті ұйымдастыруымен өткізілді.

Бағдарламаның мақсаты – мемлекеттік саяси қызметшілердің құзыреттерін жетілдіру, халықтың өмір сүру сапасын және еліміздің жалпы әл-ауқатын арттыру жөніндегі ұлттық жобаларды іске асыруды жақсарту.

«Жаңа формация басшысы» бағдарламасының тыңдаушыларының құзыреттілігін қалыптастыру және жетілдіру мақсатында оқыту практикалық кейстерге негізделді. Практикалық кейстер ретінде ҚР Президентінің
2021 жылғы 7 қазандағы № 670 Жарлығымен бекітілген Ұлттық жобалар алынды.

Ұлттық жобалардың бағыттарына сәйкес «Жаңа формация басшысы» бағдарламасы аясында мынадай жобалар әзірленді:

1.   «Жасыл Қазақстан» ұлттық жобасы – қатты тұрмыстық қалдықтар

2.   Қуатты өңірлер – шағын және орта бизнесті дамыту

3.   Агроөнеркәсіптік кешенді дамыту – ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің өзекті мәселелерін шешу

4.   Өңірлердің инфрақұрылымын дамыту

5.   Техникалық және кәсіби білім беруді дамыту

6.   Өңірлерді дамыту: туризмді дамыту тетігі

7.   «Ұлттық рухани жаңғыру» бағдарламасын дамыту.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға