Жаңалықтар

Ж.Түймебаев Аудармашылар Қауымдастығының төрағасын қабылдады

Ж.Түймебаев Аудармашылар Қауымдастығының төрағасын қабылдады
28.01.2020 17:51 2484

Бүгін Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары – Хатшылық меңгерушісі Жансейіт Түймебаев Қазақстан кәсіби аудармашылар және аударма компаниялары қауымдастығының және «Гала Глобал Групп» компаниясының тең төрағалары және құрылтайшылары Гүлшан Алиева мен Анна Лоенконы қабылдады.

Кездесу барысында Қазақстан халқы Ассамблеясының биылғы жылы аталып өтілетін 25 жылдығы аясындағы іс-шаралар сөз болды. Кәсіби аудармашылар Жансейіт Қансейітұлына мерейтой аясында халықаралық келіссөздер жүргізуде өз қызметтерін ұсынып, әріптестік қарым-қатынас орнатуға мүдделі екендіктерін білдірді.

Ж.Түймебаев Аудармашылар Қауымдастығының төрағасын қабылдады

Олар Қазақстанда алғашқы рет ең ірі аудармашылық Qazagstan Translation Forum-2020 форумын өткізу туралы халықаралық келіссөздерді Қазақстан халқы Ассамблеясымен ынтымақтастықта жүргізу туралы өз ұсыныстарын айтты. Аталмыш форум еліміздің кенже қалған аудармашылық саласын жаңа деңгейге көтеруді көздейді.

Ж.Түймебаев Аудармашылар Қауымдастығының төрағасын қабылдады

Жансейіт Қансейітұлы форумның өткізілуіне Қазақстан халқы Ассамблеясы тарапынан қолдау білдіруге дайын екенін айтты.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға