Жаңалықтар

Жұмыспен қамту орталығының жаңа мүмкіндіктері

Көптеген қызмет түрлеріне онлайн режимде жүгінуге болады.
Жұмыспен қамту орталығының жаңа мүмкіндіктері
Фото: baribar.kz 14.09.2022 12:40 3395

Еліміздегі жұмыспен қамту орталықтарының қарапайым халық пен жұмыс берушілерге арнап ұсынатын қызмет түрлері көп. Кез келген жұмыс іздеп жүрген азамат пен жұмыс беруші мекеменің техникалық ресурстарын пайдалануға мүмкіндігі бар, деп хабарлайды El.kz.

Мәселен, өтініш берушілердің кеңейтілген базасын қолданып, кәсіби бағдарлаудан өтіп, жәрдемақы алуға құжаттарды тапсыра алады.

Әрбір азамат жұмысқа орналасу қызметі бойынша жүйелі түрде ақпарат алуға құқылы. Оның ішіне әлеуметтік көмек тағайындау үшін құжаттарды өткізу де жатады.

Көптеген қызмет түрлеріне онлайн режимде қолжетімді. Мәселен, жұмысы жоқ азамат ретінде жұмыссыз мәртебесін алу үшін ЖҚО-ға барудың қажеті жоқ. Бар болғаны электронды еңбек биржасы арқылы ЭЦҚ-мен ENBEK.KZ мемлекеттік порталынан тіркелуден өту қажет. Мұндай замануи онлайн қызметті пайдаланатын тұрғындар уақытын үнемдей алады.

Enbek.kz порталына жұмыссыз ретінде қалай тіркелуге болады?

·        Enbek.kz-тен жеке кабинетке өтіңіз;

·        Жұмыс қарастырып жүрген тұлға ретінде тіркеуге өтінімді толтырып, ЭЦҚ-ға қол қойыңыз;

·        Өтінімді автоматты түрде тексергеннен кейін жеке кабинеттен хабарлама күтіңіз.


Әрі қарай сізге жұмыссыз ретінде:

·        Жұмыс қарастыруға қызығушылық таныту;

·        ЭЕБ мен ХҚКО-ның ұсынған бос жұмыс орындарын қарастыру;

·        Жұмыс беруші сұхбат кезеңіне шақырғанда бару керек.

Сіз 3 жұмыс күні өткеннен кейін жұмыссыз мәртебесін алып, тіркеле аласыз.

Сонымен қатар ENBEK.KZ ЭЕБ-да «Бос жұмыс орындары» бөлімінен «мемлекет субсидиялайтын» уақытша бос жұмыс орындарын қарастыруға болады.

Жұмысқа арналған жолдаманы ЖҚО-на бармай-ақ алуға болады. Ол үшін ENBEK.KZ порталына:

1) жұмыс іздеуші тұлға ретінде тіркелу;

2) жұмыссыз ретінде тіркелу;

3) лайықты бос орынға пікір қалдыру;

4) жұмыс берушінің қоңырау шалғанын күту немесе бос жұмыс орнында көрсетілген байланыс нөміріне хабарласу керек.

Жұмыссыз азаматтарға skills.enbek.kz платформасында сұранысқа ие мамандықтарды тегін, онлайн оқып алуға мүмкіндік бар. Мысалы, экскурсия жүргізуші курстары, персоналды басқару, копирайтинг, моушен-дизайн, жылыжай бизнесі және тағы басқаларын атап кетуге болады.

Жұмыспен қамту орталықтарында мынадай жобалар бойынша жұмыстар жүргізілуде: Жастар практикасы, Бірінші жұмыс орны, Ұрпақтар келісімшарты, Қоғамдық жұмыстар, Күміс жас.

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға