Қазақстан азаматтары зейнетақы жинақтарының 100%-ына дейінгі бөлігін жеке басқарушы компанияларға сеніп тапсыра алады.
2026 жылғы 17 қазанда Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитеті зейнетақы жинақтарын жеке басқаруға беру мүмкіндігі туралы мәлімдеді.
Комитеттің хабарлауынша, әрбір салымшы өз қаражатын басқаратын компанияны және өзіне қолайлы инвестициялық стратегияны дербес таңдай алады.
Алайда мұндай шешім қабылдаған кезде мемлекеттік кепілдік пен инвестициялық тәуекелдердің аражігін нақты ажырата білу қажет.
«Зейнетақы жинақтарын толық көлемде жеке басқаруға берген жағдайда, нақты енгізілген зейнетақы жарналарының сақталуына берілетін мемлекеттік кепілдік толық сақталады. Ал ерікті түрде таңдалған инвестициялық тәуекелдер үшін барлық жауапкершілік тікелей салымшының өзіне жүктеледі», – делінген Комитеттің ресми хабарламасында.
Осыған байланысты мамандар қазақстандықтарға зейнетақы жинақтарын жеке басқарушы компанияға бермес бұрын оның инвестициялық стратегиясын мұқият зерделеуге кеңес береді. Әсіресе қаражатты инвестициялауға байланысты ықтимал тәуекелдерге назар аудару маңызды.
Ведомствоның мәліметінше, зейнетақы жинақтарын жеке басқаруға берудің нақты шарттары, сондай-ақ мемлекеттік кепілдіктің шекті көлемі қолданыстағы зейнетақы заңнамасына сәйкес айқындалады.
Айта кетейік, 2026 жылғы 6 қазанда Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін және жасына байланысты зейнетақы төлемдерін есептеу, тағайындау, қайта есептеу, тоқтату және тағайындау туралы шешімді қайта қарау қағидаларына өзгерістер енгізген болатын.