Жаңалықтар

«Зейнет жасы төмендетіледі». Кімдер зейнетке 55 жастан бастап шығады?

«Зейнет жасы төмендетіледі». Кімдер зейнетке 55 жастан бастап шығады?
Фото: © Pixabay.com 21.08.2023 11:15 12510

Енді кеншілер 55 жастан бастап зейнетке шыға алады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы Үкімет басшысы Әлихан Смайылов Қарағанды облысындағы «АрселорМиттал Теміртау» АҚ «Қазақстан» шахтасында апат салдарынан қаза тапқан кеншілердің отбасымен кездесуде айтты.

Кездесу барысында кеншілер үшін зейнеткерлік жасты төмендету мәселесі көтерілді.

Премьер-министрдің мәлімдеуінше, қазіргі уақытта кеншілерге ертерек – 55 жастан бастап зейнетке шығуға мүмкіндік беретін заңнамалық өзгерістер енгізіліп жатыр.

Әлихан Смайылов Қарағанды облысына барып, «Қазақстан» шахтасында жоғалып кеткен және осындағы апат салдарынан қаза тапқан кеншілердің отбасымен кездесті, сондай-ақ әкімдік пен орталық мемлекеттік органдар басшылығымен жедел кеңес өткізді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға