Әйелдер күресінен 53 кг дейінгі салмақта сынға түсетін отандасымыз Зейнеп Баянова Иордания астанасында өтіп жатқан Азия чемпионатының қола жүлдегері атанды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Ол кіші финалда моңғолиялық спортшы Отгонтуя Чинболдтан 10:4 есебімен басым түсті. Бұл екі палуан арасындағы 3-ші белдесу болып отыр. Былтыр Аммандағы (U23) сары құрлық бәсекесінің жартылай финалында, сосын Тиранада өткен әлем чемпионатының (U23) қола медаль үшін айқасында Чинболд басым түскен еді.
Еске сала кетейік, былтыр дәл осы Амман қаласында өткен Азия чемпионатында (U23) Зейнеп өзбек спортшысын жеңіп, үздік үштікті түйіндеген.
Бұл жүлде әйелдер күресінен Аммандағы осы чемпионатта команда қоржынына түскен алғашқы медаль болып отыр.
Зейнеп Баянова Азия чемпионатынан қола медаль жеңіп алды
Оқи отырыңыз
Кеше, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды