Жаңалықтар

Зерттеулер Pfizer вакцинасы ерлерде бедеулік тудыратынын көрсетті – фейк

Зерттеулер Pfizer вакцинасы ерлерде бедеулік тудыратынын көрсетті – фейк
Фото: ©El.kz/Бауыржан ЖУАСБАЕВ 17.06.2023 04:13 463

Instagram-да АҚШ-та Pfizer COVID-19 қарсы вакцинасының ер адамдарда бедеулік тудыратынын дәлелдейтін зерттеулер жайлы видео тарады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Stopfake.kz сайты бұл ақпаратты жоққа шығарды. Таралған роликтің ресейлік телеарнаның жаңалықтар сюжетінен үзінді екені анықталды.

Видеода сарапшы ретінде Эми Келли сөз сөйлейді. Бірақ оның мұндай мәлімдемелер жасау және дәрі-дәрмектердің қауіпсіздігін бағалайтындай біліктілігі жоқ. Ашық ақпарат көздерінде Эми Келлидің бакалавр дәрежесі бар екені жазылған, бірақ оны ғылымның қай саласында және қай оқу орнында алғаны белгісіз. Вакцинацияланған ер адамдар бедеулікке ұшырайды деген пікірдің ғылыми негізі жоқ. Эми Келли сөздерін дәлелдейтін зерттеу туралы айтады, бірақ оның тақырыбын да, авторларын да атамайды, сондықтан оны табу мүмкін емес, - делінген мәліметте.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға