Зендеяны стиль иконасына айналдырған адам: Лоу Роуч туралы не білеміз?

Зендеяны стиль иконасына айналдырған адам: Лоу Роуч туралы не білеміз?
Фото: коллаж AI / El.kz

Биыл Зендея үшін де, оның стилисі Лоу Роуч үшін де – ерекше жыл. Олар «Одиссея» фильмінің премьерасы қарсаңында тағы да талайды таңдандырды. Бұл жолы періштенің қанаты бар ақ түсті көйлек киіп шықты. Одан бұрын «Өрмекші-адам: Жаңа күн» фильмінің промо-турына  бірде қоңыр торлы шілтермен көмкерілген көйлек кисе, енді бірде қызыл жылтыр топ пен көк түсті қысқа юбканы үйлестірді. Үйлестірді дейміз-ау, осынша көзжауын алатын образдың артынша стилист Лоуч Роучтың еңбегі тұр. Ендеше стилист әрі заманауи «маркетолог» Роуч туралы не білеміз?

фото:insider.ua
фото:insider.ua

Лоу Роучтың сән әлеміндегі жолы сіз бен біз ойлағандай қызылды-жасылды түстен тұрмайды. Ол сән мектебінде оқыған жоқ, атақты дизайнердің шеберханасында да тәлім алмады. Чикагода өскен жігіт кутюрдан гөрі винтаж дүниелерге құмар-ды.  Қаладағы ескі дүкендерді, базарды аралап жүріп винтаж киімдерді тауып алады. Өзінше образ құрастырып, кейіннен сатуға шығарады. Уақыт өте келе өзінің дүкенін ашады. 

фото: https:marieclaire.ru/ Зендея Лондондағы «Одиссея» фильмінің тұсаукесерінде
фото: https:marieclaire.ru/ Зендея Лондондағы «Одиссея» фильмінің тұсаукесерінде

Ерекше вайбы бар дүкен лезде танымал болады. Лоудың есімі ел ішінде танылған соң, оны шоу-бизнес өкілдері арнайы іздеп келеді. Десе де оның сән индустриясындағы бас айналдырарлық мансап жолы Зендеямен кездескенде басталады. Неге десеңіз, сол тұста Зендея Disney арнасының актрисасы болатын. Бір қызығы, Chanel, Saint Laurent, Dior, Gucci және Valentino секілді ірі сән үйлері жас актрисамен жұмыс істегісі келмеді. Ал Зендеяның қызыл кілемге әдемі әрі ерекше болып шығуы шарт. Осындайда Лоу бір амалын тауып, оны күллі Голливуд тамсана қарайтын аруға айналдырудың қамына кіріседі. 

фото:marieclaire.ru/ Зендея мен Лоу Роуч «Құмбел: екінші бөлім» фильмінің промо-турында, 2024 жыл
фото:marieclaire.ru/ Зендея мен Лоу Роуч «Құмбел: екінші бөлім» фильмінің промо-турында, 2024 жыл

Қалай десеңіз, Роуч архивті ақтарады, винтаж киімдерді қопарады, танымал емес дизайнерлерді тартады. Сөйтіп, Зендеяға ешкімде жоқ образ жасап береді. Қызыл кілемде атақты сән үйлерінің көйлегінен гөрі Зендеяның образы әдемірек көрінеді. Кейінірек сән үйлері актрисаға толассыз ұсыныс тастағанымен, Лоу оны оңайлықпен қабылдамайды. Оның стиль туралы көзқарасы басқа. 

фото:marieclaire.ru/ Зендея, 2024 жыл
фото:marieclaire.ru/ Зендея, 2024 жыл

«Мен стилист емес, имидж архитекторымын»

Иә, ол бір сұхбатында дәл осылай айтады. Расымен, Роуч үшін образ дегеніміз көйлек, туфли не әшекейден тұрмайды. Ол киім үлгісінің толық концепциясын жасап, қандай іс-шараға баратынын, оның тақырыбын не фильмнің атауын толық зерттейді. Артынша көрерменге ерекше әсер сыйлайтын, актрисаның ішкі жан дүниесін көрсете алатын образ құрастырады. Сондықтан Зендея қандай фильмге түссе, соның атмосферасын дәл беруге тырысады. Тырысқаны соншалық, актрисаның фильмдегі рөлінен гөрі, оның промо-турда қандай көйлек кигені көбірек талқыланады. 

фото:marieclaire.ru/ Зендея мен Лоу Роуч  Met Gala, 2019 жыл
фото:marieclaire.ru/ Зендея мен Лоу Роуч  Met Gala, 2019 жыл

Естеріңізде болса, Зендея «Құмбел: екінші бөлім» фильмінің тұсаукесеріне 1995 жылы Тьерри Мюглер жасаған футуристік металл сауытпен шықты. Мұны Лоуч архивтен іздеп жүріп, тапқан. Осы кештен кейін әлемдік БАҚ актрисаның осы образы туралы бірнеше мақала жазды. Металл құрылымы мен мөлдір бөлшектері бар киім ғылыми-фантастикалық фильмнің атмосферасын көрерменнің көз алдына әкелді. Осы қадам фильмнің танылуына, әлеуметтік желідегі кері байланысқа тікелей әсер етті. Көпшіліктің «Лоу Роуч стилист пе, маркетолог па?» деп бас қатыратыны осыдан шығады.

фото: marieclaire.ru/ Зендея Balmain сән үйінің көйлегін киеді, 2022 жыл
фото: marieclaire.ru/ Зендея Balmain сән үйінің көйлегін киеді, 2022 жыл

Міне, осылайша Лоудың да, Зендеяның да атағы аспандайды. Режиссерлер актрисаны киноға шақыра бастайды. Сөйтеді де артында Роучтай көреген адамды «құрыққа» түсіреді. «Үміткерлер» фильмінің промо-туры кезінде Зендея мен стилисі теннис тақырыбын негізге алады. Ақ не жасыл түсті көйлек, юбка, спорт киімдерін таңдайды. Теннисті еске түсіретін деталь қосуды да ұмытпайды. Әсіресе, Loewe сән үйінің теннис добы орнатылған өкшелі аяқкиімі  «нысанаға» дәл тиеді. Осы шағын деталь сән әлеміне төңкеріс әкелді. Сөйтіп, жанкүйерлер актрисаның қашан киноға түсетінін, промо-турда не киіп шығатынын асыға күтетін болды. Сөйтіп, Роуч фильмді жарнамалау үшін қызыл кілемді қалай пайдалану керегін көрсетті. 

фото:marieclaire.ru/ Зендея Loewe сән үйінің образында,2024 жыл
фото:marieclaire.ru/ Зендея Loewe сән үйінің образында,2024 жыл

Лоу Роучтың артықшылығы да – осы. Ол киімнен бұрын, адамдардың нені талқылайтынына, неге мән беретініне талдау жасайды. Бәрін алдын ала жоспарлайды. Актриса мен фильмнің үндестігін көйлек арқылы көрсетеді. Сән мен маркетингтің тікелей байланысын, қуатты күшін көрсетеді. Бір образбен қаншама көрерменді тартуға болатынын түсіндіреді. 

фото: marieclaire.ru/ Зендея Torishéju көйлегімен «Құмбел: екінші бөлім» фильмінің промо-турында, 2024 жыл
фото: marieclaire.ru/ Зендея Torishéju көйлегімен «Құмбел: екінші бөлім» фильмінің промо-турында, 2024 жыл

Роуч тек Зендеямен емес, Селин Дион, Ариана Гранде, Аня Тейлор-Джой және басқа да танымал тұлғалармен жұмыс істейді. Осы тәжірибе оны жас жұлдыздың жолын ашумен шектелмей, елге танымал адамды жаңа қырынан танытуға болатынын дәлелдеді. 

фото: marieclaire.ru/ Ариана Гранде
фото: marieclaire.ru/ Ариана Гранде

Бірақ 2023 жылы Лоу сән әлемінен кететінін мәлімдеді. Әлемдік БАҚ мұны ауыр қабылдады. Стилист шешім қабылдауға индустриядағы қысым, саясат және жұмыс жүйесінің ауырлығы әсер еткенін түсіндіреді.Осы тұста жанкүйерлер дүрлігіп, Роуч пен Зендея дуэтінің батыл образдарын көре алмайтынына қынжылады. Десе де, көп өтпей стилист сән әлемінен алшақтағанымен, актрисамен жұмыс істеуді жалғастыратынын хабарлайды. 

фото: Instagram &nbsp;<em><a href="https://www.instagram.com/p/DZ7b4YnDKAL/?igsh=dzQ1ZTN4MHByNHFk" target="_blank" rel="nofollow">@zendaya</a>,&nbsp;<a href="https://www.instagram.com/p/DZ9v6muEby7/?img_index=3&amp;igsh=MWE0Y2k3cGhpaWhsaQ==" target="_blank" rel="nofollow">@tomholland2013</a></em>&nbsp;
фото: Instagram  @zendaya@tomholland2013 

Сөйтіп, Зендея мен стилист Лоу Роуч әлі күнге әлемді тамсандырып жатыр. Актрисаның «Одиссея», «Өрмекші адам: Жаңа күн» фильміне, «Эйфория» сериалының көрсетілімінде киген киімі елдің аузында жүр.

Оқи отырыңыз