Жаңалықтар

Зайнутдинов «Бешикташқа» ауыса ма? Футболшының өзі жауап берді

Зайнутдинов «Бешикташқа» ауыса ма? Футболшының өзі жауап берді
Фото: instagram.com/bateka_11 08.08.2023 23:28 789

Отандық футболдың басты жұлдызы Бахтиер Зайнутдиновке Түркияның «Бешикташ» клубы қызығушылық танытып отырғаны талай рет айтылып жүр. Жергілікті басылымдар Мәскеудің ЦСКА-сымен келіссөздер жүріп жатқанын да жазуда. Қазақ даласында туып-өскен өреннің әлемнің мықтылары көз тіккені шынымен де қуантарлық жағдай. Осы орайда Зайнутдиновтің өзі бұған не дейді? Бұл туралы футболшы Sports.ru-ға берген сұхбатында айтқан. 

Еуропаға ауысуың не болып жатыр?

– Топ-5 арманым деп үнемі айтып жүремін. Әзірге ЦСКА-мен келісімшартым бар, ол екі жылға жарамды. Клубты да, жанкүйерлерді де жақсы көремін. Ұсыныс түсіп жатса, көрерміз. Бастысы, клубтың да, менің де көңілімнен шығуы керек.

Сенің «Бешикташқа» ауысатының жайлы қауесет өріп жүр. 

– Иә, ақпарат өте көп. Бірақ ресми мәліметті күтейік. Әзірге ештеңе білмеймін, күтіп жүрмін.

Өзің «Бешикташқа» ауысқың келе ме?

– Жауап беру қиын, себебі ЦСКА-мен келісімшартым бар. Арманым – Топ-5. Түркияның чемпионаты да өте мықты. Түркия мен Ресей чемпионаттарының деңгейі шамалас. Тек санкцияға байланысты Түркиядан Еуропаға кету ыңғайлырақ.

Бір жыл бұрын «Аталанта» қызығушылық танытқанын естідік. Бұл рас па?

– Ресми оффер болған жоқ. Қызығушылық танытқан шығар, нақты ештеңе айтылған жоқ. Агент маған бәрін айта бермейді. Түрлі хабарламалар болғанын естідім.

– «Аталантадан» да түсті ме?

– Иә, бірақ өз басым олармен сөйлескен жоқпын. Шомурадовтан ғана чемпионат туралы сұрадым. Италияда ойнап көру керек дегенді айтты. Маған сол жақ дөп келеді деп жатыр.

Италияның қай клубына жанкүйер болдың

– А сериясында «Рома» мен «Милан» ұнайтын, бірақ өзім «Барселонаның» жанкүйерімін.

2022/23 маусымы ерекше маусым болды. Ресей кубогын ұтып алдыңдар, бірақ Ресейдегі футбол өзгерді: Fan ID, пойыздар, санкция, легионерлер саны азайды.

– Біртүрлі негізі. Бір жағынан, Ресей кубогын ұтып әрі екінші орын алдық. Екінші жағынан, жағдайға байланысты ойнаудың өзі қиын, жанкүйерлер де алаңға келуді азайтты. Жеңіс бар, бірақ 100 пайыз қуана алмайсың.

Неге?

– Біз жанкүйерлер үшін ойнаймыз ғой. Қазір лық толған стадион жоқ. Көңіл күйді түсіретін жағдай.

– Fan ID-ге байланысты ойынға бармайтын жанкүйерлерге түсіністік танытасың ба?

– Әрине, әркімнің өз көзқарасы бар. Оған түсіністікпен қарау керек.

Логистикаға байланысты маусым қиын болған сияқты. Пойызбен жүру ауыр соға ма?

– Маған қайта ұнады. Балалық шағым есіме түсті. Доширак, ролтон алып алып, бәріміз бір купеде сағаттап сөйлесіп баратынбыз. Пойызда бізбен бірге ЦСКА-ның аспазы да болды, арнайы тамақ дайындады. Артық ештеңе жемейсің.

– Сол кездерді сағынасың ба?

– Әрине. Кейде үйде доширак жегім келеді. Үстіне кетчуп пен майонез қосасың…

Зиян екені сөзсіз. Бірақ кейде сағынасың. Жарты жылда бір рет доширак жеп тұрамын.  

Қазақстанның аумағы үлкен. Бізде бұрын ұшақпен ұшу деген жоқ, тек пойызбен жүретінбіз, жолға 3-4 күн кетеді. Балалық шағым пойыздар мен автобустарда өтті. Балалармен ойын ойнап, түн жарымға дейін әңгімелесеміз. Қазір сондай бір сәттер жетіспейтінін сеземін.

ЦСКА-да балалармен сөйлесуге көп уақыт бола бермейді. Ал купеде бәріміз әңгімелесіп бардық. Ростов пен Воронежге сапарымыз ерекше есте қалды. 6-7 сағаттай әңгіме-дүкен құрып, ойындар ойнадық.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға